ТМД ойындары бір жылға шегерілді
Бұған дейін ТМД ойындары пандемияға байланысты қыркүйекке шегерілген еді
ТМД елдері арасында алғаш рет өтеді деп жоспарланған ТМД ойындары 2020 жылдан 2021 жылға шегерілді, деп хабарлады Olympic.kz.
«Пандемияның әлемде жалғасуына байланысты ұйымдастырушылар осындай шешім қабылдаған. ТМД ойындары Ресейдің Қазан қаласында 20-27 тамыз күндері өтеді деп жоспарланған еді. Алайда, ойындар коронавирус пандемиясына байланысты қыркүйекке ауыстырылған болатын.», - деп жазылған ақпаратта.
Аталған ойынға 14-тен 23 жасқа дейінгі спортшылар 21 спорт түрінен 284 жүлде жиынтығын сарапқа салады делінген. Ұйымдастырушылардың болжауынша, 11 елден, атап айтқанда, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Молдова, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікістан, Түркіменстан, Өзбекстан және Украинадан 3500-ге жуық спортшы қатысады.