5 қыркүйек күні бірнеше облыста үсік жүреді
Қазақстанның сегіз облысында 5 қыркүйек күніне ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
5 қыркүйек күні түнде Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде 1-3 градус үсік күтіледі.
Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с артады. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, 1-3 градус үсік болжанады.
Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Жамбыл облысында найзағай, дауыл, бұршақ, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысып, күші 15-20 м/с артады.