Uzbekistan Airways бірнеше елмен арадағы әуе рейстерін қалпына келтірді
Өзбекстан Қазақстанмен арада қатынайтын әуе рейстерін қалпына келтірді. Атап айтқанда, Ташкент – Алматы – Ташкент бағытындағы алғашқы рейс 11 қыркүйекке белгіленіп, аптасына бір рет (жұма күні) ұшады.
Uzbekistan Airways АҚ компаниясы БАӘ, Германия, Қырғызстан және Түркия елдерімен арадағы тұрақты әуе рейстерін кезең-кезеңімен қалпына келтіретінін хабарлады.
Аталған елдерден Uzbekistan Airways АК рейстерімен Өзбекстанға ұшуды жоспарлап отырған жолаушылар рейстің ұшуына дейін 72 сағат жарамды болатын COVID-19 инфекциясына (ПТР әдісімен) тапсырылған тест туралы анықтаманы ұсынуы тиіс.
Бұдан бөлек, Германия, Қазақстан, Қырғызстан, БАӘ, Түркия елдерінен тұрақты рейспен ұшып келетін жолаушылардың қолында COVID-19 теріс нәтижесін көрсететін анықтама болуы керек. Олар термометриядан өтіп, 14 күн өзін-өзі оқшаулауға міндеттейтін анкетаны толтыруы қажет.