03.09.2020, 13:51
Жаңалықтар
SCAT төтенше жағдай кезінде орындалмаған рейстердің ақшасын жолаушыларға қайтарып берді
Қайтарылған ақша көлемі – 1,8 млрд теңге
Фото: abilet.kz
SCAT әуекомпаниясы Қазақстан аумағында Төтенше жағдай режимі жарияланған кезде 3000-ға жуық рейсті тоқтатуға мәжбүр болған. Бұл шамамен, 98 мың билет.
«Әуекомпания тұрақты жолаушылар тасымалын жүзеге асыра алмағандықтан, жолаушылардың ақшасын кері қайтару процесін ішінара тоқтатуға тура келді. Қазір әуекомпанияға жүгінген жолаушылардың барлық өтініші қанағаттандырылды. Егер қандай да бір себептермен ақша қайтарылмаса, билетті сатып алған жерге хабарласыңыз. Біз ТЖ кезінде тоқтатылған рейстердің ақшасын кері қайтарып беруге 100% кепілдік береміз», - делінген SCAT әуекомпаниясы таратқан ресми хабарламаада.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды