Нұр-Сұлтанда жер телімдерінің электрондық картасы жасалып жатыр
Геоақпараттық порталды іске қосу 2021 жылға жоспарланып отыр
Нұр-Сұлтан қаласында жердің электрондық картасы жасалуда. Ол арқылы нақты уақыт режимінде жер учаскесі туралы барлық ақпаратты: оның кадастрлық нөмірінен бастап, коммерциялық меншікке дейін білуге болады. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Мәлика Бектұрова хабарлады.
Барлық функция мына параметрлерді қамтитын геоақпараттық платформа түрінде жасалады:
- 2D карта (ТЖЖ, функционалдық аймақтарға бөлу, жер учаскелері, жылжымайтын мүлік объектілері және т. б.);
- Үш өлшемді фотореалистік мәліметтер базасы үшін 3D картасы;
- Көгалдандыру карталары, автожолдар, гидрография және елорданың басқа да инфрақұрылым объектілері.
Қала бойынша 5 мыңнан астам рейс және 801 км2 – бұл 1 пикселге 3 см дәлдікпен Нұр-Сұлтан жер учаскелерін цифрландыру көлемі.
Жұмыстар 3 кезеңге бөлінген.
Бірінші кезең дайын:
- Қаланың барлық салынған аумағын аэрофототүсіру;
- Цифрлық жерді және қаланың рельефтік моделін құру.
2 кезең 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін:
- 2D картасы;
- 3D картасы;
- Көгалдандыру карталары, автожолдар, гидрография және қаланың басқа да инфрақұрылым объектілері.
3 кезең 2021 жылғы 1 сәуірге дейін:
- Қаланың инженерлік желілерінің карталары
Бұдан басқа, геоақпараттық орталық шеңберінде цифрлық мемлекеттік қызметтер көрсету, оның ішінде жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры шеңберінде жер учаскелерін ұсыну мүмкіндігі туады.
Геоақпараттық порталды іске қосу 2021 жылға жоспарланған.