Шарт 25 ірі қара мал сатып алуға жасалған
Ақтөбе облысында Алға ауданының 26 жастағы тұрғыны сату-сатып алудың жарамсыз келісімшартын көрсетіп, 6 миллион теңге көлемінде жеңілдетілген несие алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Шарт 25 ірі қара мал сатып алуға жасалды. Агрокредиттік корпорация жүргізген тексеру барысында шарт бойынша мал сатып алушы бұл құжатқа қол қоймағаны және осы мәміле туралы білмейтінін анықтады», - деп жазылған хабарламада.
Бұл факт негізінде «Алаяқтық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.