02.09.2020, 01:59
Жаңалықтар
Қазақстанда биыл шомылу маусымында 239 адам суға кетіп көз жұмды
Су айдындарында 160 адам құтқарылды
Фото: ашық дереккөзден
1 қыркүйек күні Қазақстанда шомылу маусымы аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.
«Биыл еліміздің су айдындарында құтқарушылар 160 адамды, оның ішінде 35 баланы құтқарды. Суға шомылу маусымы басталғаннан бері ( 1 маусымнан 31 тамыз аралығында) 140 адам, оның ішінде 27 бала құтқарылды. Сонымен қатар, суға шомылу кезеңінің басынан бастап 239 адам (2019 жылы 282), оның ішінде 75 бала (2019 жылы 88 бала) суға кетіп, көз жұмды», - деп жазылған хабарламада.
Биыл суға шомылу маусымында Алматы (35), Шығыс Қазақстан (31), Түркістан (23) облыстарында суға батып кеткен адамдардың саны көп болды.
Көп оқылған
26.09.2026, 06:33
Тоқаев Маңғыстаудағы әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтты
26.09.2026, 07:41
26 қыркүйекте бірнеше өңірде үсік түсіп, жаңбыр жауады
26.09.2026, 17:01
27 қыркүйек күні ауа райы қандай болады
26.09.2026, 08:27
Азия ойындары: Қазақстан құрамасы алтыншы күннің қорытындысы бойынша бес қола иеленді
26.09.2026, 11:04
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды