Манипуляциядан ада, халық петиция жасайтын институт құрылады

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауда айтқан кезекті тапырмаларының бірі

Фото: ашық дереккөзден

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желілердің дамуы жергілікті жерде қордаланып қалған көп мәселенің бетін ашты дейді. Сондықтан Тоқаев халық қандай да бір мәселеде пікір білдіруі үшін онлайн петиция жасай алатын заңды институт құруды тапсырды.

«Әлеуметтік желілердің арқасында осы уақытқа дейін жер-жерде көрінбей жатқан проблемаларды бүкіл ел біліп жатыр. Сондықтан азаматтардың реформа мен ұсыныстарын айтуы үшін онлайн петиция жасайтын бірыңғай заңды институт құру керек. Ондай механизим қандай да бір манипуляциядан ада болуы шарт. Үкімет азаматтық қоғаммен бірлесе отырып, осыған әкелетін нормативтік-құқықтық база дайындап, осындай маңызды жобаға қатысты кез келген техникалық мәселені шешуі тиіс», - деді Үкіметке тапсырма берген Тоқаев.

Айта кетейік, қазір елдегі қандай да бір өзгеріске немесе биліктің қандай да бір шешіміне наразы топтар онлайн петиция құрып, әртүрлі платформаларды қол жинап келеді.