31.08.2020, 05:44
Жаңалықтар
Өзбекстан Қазақстанмен тұрақты әуе рейстерін жандандырады
Бұл туралы Өзбекстанның Көлік министрлігі хабарлады
Фото: ашық дереккөзден
Қыркүйектен бастап Өзбекстанның Түркия, БАӘ, Беларусь және Қазақстанмен тұрақты рейстерін жаңғырту мүмкіндігі қарастырылуда, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі uznews сайтына сілтеме жасап.
«Эпидемиологиялық жағдай тұрақталмаған елдерден Өзбекстанға ұшатын («Қызыл рейстер») жолаушылар ұшудан 72 сағат бұрын ПТР әдісімен ғана жасалған тесттің қорытындысын ұсынуы керек. Сертификат ағылшын немесе орыс тілдерінде болуы тиіс», - деп жазылған ақпаратта.
Коронавируспен ауыру деңгейі төмен елдерден («Сары рейстер») Өзбекстанға келетін адамдар ПТР немесе экспресс-тестпен жүргізілген коронавирустың жоқтығы туралы сертификат ұсынуы қажет.
Көп оқылған
25.08.2026, 18:17
Ақмолалық ер адам өзінен 17 жас кіші бойжеткеннің үйіне түнде кіріп, суретке түсірген
25.08.2026, 19:10
БҚО-да әйел адам сүйіктісінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді
25.08.2026, 22:16
Тісін, қабырғасын сындырған: БҚО-дағы тойда «тентек кәде» дәстүрі төбелеспен аяқталды