30 тамыз күнгі ауа райы болжамы
Жексенбі күні республиканың басым бөлігінде күн ашық болады
30 тамызда республиканың басым бөлігінде күн ашық болады. Тек республиканың батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейіп, бұршақ жауады, оңтүстік-шығыста шаңды дауыл, батыста дауыл тұруы ықтимал, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады. Жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, бұршақ жаууы мүмкін.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.
Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің күші секундына 15-20 метрге дейін күшейіп, шаңды дауыл тұруы ықтимал. Түнде және таңертең тұман түседі.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, күндіз жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, түнде және таңертең жағалауда тұман түсуі ықтимал.
Қостанай, Атырау облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Түркістан, таңертең және күндіз Қызылорда, күндіз Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.
Түнде Павлодар, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Атырау облысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде аптап ыстық болады.
Қызылорда, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Түркістан, Алматы облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.