$ 499.51  525.83  4.62
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.08.2020, 15:30
Жаңалықтар

«Қайнар», «Алматы» университеттері лицензияcынан айырылды

Биыл тағы қандай ЖОО-лар студент қабылдай алмайды?

«Қайнар», «Алматы» университеттері лицензияcынан айырылды
Фото: inbusiness.kz

Білім және ғылым министрлігі бірнеше жоғары оқу орнының білім беру лицензиясының күшін тоқтатты. Бұл туралы ведомстваның Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті хабарлады.

«Алматы» университеті, «Қайнар» академиясы, Алматы экономика және статистика академиясы, Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті, А.Қуатбеков атындағы халықтар достығы университеті және Silkway халықаралық университетін қайта тексеру қорытындысы бойынша білім беру саласындағы заңнама нормаларының бұзылуы қайта анықталды.

Сондықтан «Алматы» университеті, Алматы экономика және статистика академиясы, Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті және А.Қуатбеков атындағы халықтар достығы университетінің лицензиялары заңбұзушылық фактілерін жойғанға дейін күшін жойды.

«Қайнар» академиясы мен Silkway халықаралық университетінің тексеру нәтижелері шағымдануға байланысты сотта қаралуда. Сот процестері аяқталғаннан кейін тиісті шаралар қабылданады. Сонымен қатар М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде «құқық» даярлау бағыты бойынша (бакалавриат) лицензияға қосымшаның қолданылуы тоқтатылды», - делінген хабарламада.

Министрлік заңға сәйкес лицензиясынан айырылған ЖОО-лар жаңа оқу жылына талапкерлерді қабылдай алмайтынын ескертеді.

Серіктес жаңалықтары