Қазақстанда 20 қыркүйекке дейін 1500 ИВЛ аппараты шығарылады
Олар еліміздің 297 ауруханасында жергілікті медицина қызметкерлерін оқытумен орнатылады
20 қыркүйекке дейін Қазақстан Үкіметінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Аселсан Инжиниринг» кәсіпорны 1500 ИВЛ аппаратын дайындайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Liter.kz»-ке сілтеме жасап.
Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов «Қазақстан Аселсан Инжиниринг» ЖШС, «Болашақ 2019» ЖШС жұмысымен, сондай-ақ ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың құрылыс барысымен танысты.
Жұмыс сапары «Қазақстан Аселсан Инжиниринг» ЖШС-ны аралаудан басталды, онда Қазақстан үкіметінің тапсырысы бойынша отандық ӨЖЖ аппараттары дайындалады.
«Ағымдағы жылдың 31 тамызына дейін кәсіпорынмен 750 ӨЖЖ аппаратын жеткізу жоспарланған, 20 қыркүйекке дейін қосымша 750 бірлік шығарылады. Аппараттар еліміздің 297 ауруханасында жергілікті медицина қызметкерлерін оқытатын болады. Кепілді сервистік қызмет көрсету 37 айға дейін болады»,-делінген Қазақстан Премьер-Министрінің сайтында.