Атырау облысында осымен алтыншы рет жаңа санитар дәрігер тағайындалды
Ол – Маңғыстау облысының 37 жастағы тумасы Асылбек Шаров
Атырау облысы бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің ұжымына жаңа санитар дәрігерді облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Таубаев таныстырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Ақ Жайық»-қа сілтеме жасап.
Асылбек Шаров Ақтөбедегі М. Оспанов атындағы медицина академиясын бітірген соң, Жаңаөзен санитарлық-эпидемиологиялық станциясы басқармасының бас маманы болып жұмыс істеді.
2006-2011 жылдары-Маңғыстау облысы СЭС радиациялық қауіпсіздікті қадағалау бөлімінің бас маманы.
2011-2012 жылдары – Қарақия аудандық СЭС басқармасының басшысы.
2012-2014 жылдары СЭС басқармасын, сондай-ақ Жаңаөзен қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасын басқарды.
2020 жылдың басында Маңғыстау облысы Шетпе ауылының әкімі болып тағайындалды. 8 маусымнан бастап Маңғыстау облысы ТБКК инфекциялық емес ауруларды бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.
Асылбек Шаров – коронавирус індеті басталғаннан бері Атырау облысындағы Мейіржан Есімбаев, Темірбек Мұсағалиев, Амантай Жұмағалиев, Сәдуақас Байғабылов және Қанат Ғайнеденовтен кейінгі алтыншы бас дәрігер.