26.08.2020, 17:56
Жаңалықтар
Көлгінов жетім қалған 3 бауырына қамқор болып отырған 19 жастағы қызбен кездесті
Әкімдік оларды уақытша баспанамен қамтамасыз етеді
Фото: facebook
Елорда әкімі Алтай Көлгінов 19 жастағы Дильнас Шәріпбаевамен кездесті. Дильнастың айтуынша, анасы мен үлкен ағасының қайтыс болуына байланысты қолында кәмелетке толмаған 16 жастағы сіңлісі мен 12 және 14 жастағы бауырлары қалған.
Әкімдік Дильнас пен оның кіші сіңлілерінің колледждегі оқу ақысын төлеу мәселесін шешіп береді. Ал оның бауырларына жаппай оқыту қоры аясында көмек көрсетіледі. Оқу құралдарын сатып алуға сертификаттар мен қашықтан оқу үшін компьютерлер мен роутерлер беріледі.
Сонымен бірге әкімдік оларды уақытша баспанамен қамтамасыз етеді. Дильнас Шәріпбаева тұрақты жұмысқа орналасады. Әкімдік бұл отбасының балаларына алдағы уақытта тұрақты негізде көмек көрсетеді.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті