$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.08.2020, 21:51
Жаңалықтар

Қызылордада жыл соңына дейін 3 өндіріс орны іске қосылады

Оның екеуі ауданда, тағы бірі Қызылорда қаласында жұмысын бастайды

Қызылордада жыл соңына дейін 3 өндіріс орны іске қосылады

Сыр елінде жыл соңына дейін 3 өндіріс орны ашылып, 370-ке жуық маман жұмыспен қамтылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қызылорда облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Индустрияландыру жобасы аясында іске асатын өндіріс ошақтарының 2-і ауданда, 1-і Қызылорда қаласында жұмысын бастайтын болады. 

«Жылдың аяғында қуаттылығы жылына 4 мың тонна балық өндейтін жаңа цех іске қосылады. Арал ауданында орналасатын өндіріс орны «Балықты тереңінен қайта өңдеу зауыты мен пластикалық қайық жасау цехі» деп аталады. Жобаның жалпы құны 160 млн.теңгені құрайды. Цех толыққанды іске қосылса, 100-ге жуық маман тартылып, балық өндеу ісіне қан жүгіреді»,- делінген хабарламада.

Тағы бір жоба – Қармақшы ауданында қосылатын құс фабрикасы. Жылына 1500 тонна құс етін өндіретін фабриканың жоба құны 1,9 млрд.теңге деп белгіленген. Ет өнімінің үлесін көбейту ісімен 50-ге жуық маман айналыспақ. 

«Енді жаңа 2021 жылдан бастап қызылордалықтар табақша шыны шығаратын зауыт жұмысымен таныса алады. Жылына 197,1 мың тонна табақша шыны өндіретін зауытта 200-ден астам маман тұрақты жұмыс көзін табады»,- делінген хабарламада.


Өңірде мұнай өндіру көлемінің төмендеуімен байланысты өнеркәсіп өндіру көлемі төмендегенімен, тамақ өнімдерін өндіру 29,8%-ға, өзге металл емес минералдық өнімдер өндірісі 13,3 пайызға, машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату ісі 10,7%-ға артқан.

Серіктес жаңалықтары