Ол сотта жауап беретін болды
Полиция қызметкерлері үйінде алкоголь сатқан тұрғынға айыппұл салды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Екібастұз қаласы пабликтерінің бірінде Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі пәтерде отбасы спирттік ішімдіктерді заңсыз қолданғаны туралы шағым жарияланды.
«Бұл отбасыға 2019 жылғы 9 қазанда ҚР ӘҚБК-нің 200-бабы 3-бөлігі бойынша «Қазақстан Республикасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі заңнамасының талаптарын бұзу» бойынша сот 24000 теңгеден аса айыппұл тағайындады. Алайда олар бір айдан кейін қайтадан заңсыз қызметпен айналысуды жалғастырды. Шілде айында заңсыз сатушыларға қатысты тағы да шағым түсті. ҚР ӘҚБК-нің 200-бабы бойынша жауапқа тартылғаннан кейін олар қайтадан 28000 теңге мөлшерінде айыппұл төледі, сондай-ақ ҚР ӘҚБК-нің 463-бабына сәйкес 42 000 теңгеге айыппұл салынды», - деді департаменттегілер.