Елордада екі көше уақытша жабылды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл көшелерде жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Фото: ашық дереккөзден

Жөндеу жұмыстарына байланысты Бигелдинов пен Жұбанов көшелері 25 тамызға дейін жабылады, деп хабаралады қала әкімдігінің ресми сайты. 

Елорда тұрғындары мен қонақтарына бағытын алдын-ала жоспарлау ұсынылады. 23-25 тамыз аралығында жол-құрылыс жұмыстарына байланысты Нұр-Сұлтанда бірқатар көшелер жабылады. 

Орташа жөндеу аясында Бигелдинов көшесінде Сарыарқа даңғылынан Жеңіс даңғылына дейінгі учаскеде жұмыстар жүргізілуде. Осыған орай, 23-25 тамыз аралығында көлік қозғалысын толығымен жабу жоспарланған. 

«Сондай-ақ Жұбанов көшесінде Абай даңғылынан көшенің соңына дейін жол құрылысы жүргізілуде. Дәл осы мерзім ішінде қозғалыс толығымен жабылады. Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін жол бағытын алдын-ала жоспарлау керек. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз», – деді елорданың көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасында.