23.08.2020, 13:33
Жаңалықтар
Димаш Құдайберген радио ашқан польшалық фанаттарға алғыс айтты
Польшада «Димаш» радиосы ашылған еді
Фото: әлеуметтік желіден
Димаш Құдайберген радио ашқан польшалық фанаттарға алғыс айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Бүгін Польшада «Димаш» радиосы ашылғанын білдім. Құрметті менің Dears-тарым (Димаштың фанаттары), менің шығармашылық жұмысыма арналған радио ашқандарыңыз үшін зор алғыс айтамын. Осындай радио алғаш Аргентинада, одан кейін Польшада ашылды. Сіздер мен үшін көп нәрсе істеп жүрсіздер. Әлемде әншілер көп екенін жақсы білемін, бірақ сіздер маған сенім артасыздар. Сіздерге деген алғысым шексіз», - деп жазды Димаш Құдайберген Instagram парақшасына.
Еске сала кетсек, Польшада «Димаш» радиосы ашылды. Аталған радио Димаштың әлемнің түкпір-түкпіріндегі фан-клубтарымен байланыс орнатып, бірге жұмыс істемек.
Көп оқылған
27.10.2026, 13:01
Атырауда «қайын жұртын қырып тастаған» жігітті өмір бойына соттаған атақты судья марапатталды (ВИДЕО)
27.10.2026, 17:43
Ресми ақпарат: Жеңіс Қасымбек жаңа лауазымға ие болды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды