23.08.2020, 11:43
Жаңалықтар
COVID-19: 75 науқас ауыр халде жатыр
57 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған
Фото: ашық дереккөзден
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 11 944 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Олардың арасында 53 бала бар. Стационарларда 5 715 науқас жатыр. 6 229 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
«Жалпы науқастардың арасында 333 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 75 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 57 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
27.10.2026, 13:01
Атырауда «қайын жұртын қырып тастаған» жігітті өмір бойына соттаған атақты судья марапатталды (ВИДЕО)
27.10.2026, 17:43
Ресми ақпарат: Жеңіс Қасымбек жаңа лауазымға ие болды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды