22 тамызда қоғамдық көлік қалыпты жұмыс істейді
23 тамызда Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес қоғамдық көлік жұмысы уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
«Қауіпсіздікті сақтау мақсатында автобустар мен автопарктарда ауқымды дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі. Сенбі күні (22 тамызда) қоғамдық көлік қалыпты жұмыс істейді. 24 тамыздан бастап қоғамдық көлік қалыпты жұмыс істейді», - деп жазылған ақпаратта.
Еске сала кетейік, жүргізушілер де соңғы аялдамаларда ылғалды тазалау жасайды. Автобустарға бетпердесіз кіруге тыйым салынады. Қоғамдық көлікке алдыңғы есік арқылы кіру керек. Жол жүру ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді - карта, SMS, QR-код.