Бұл туралы синоптиктер хабарлады
Қазақстанның сегіз облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
22 тамызда Қарағанды облысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
22 тамызда Ақмола облысында кей жерлерде тұман түсіп, найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай ойнап, тұман түседі.
Қызылорда облысының солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысында кей жерлерде тұман түсіп, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Батыс Қазақстан облысында да бұршақ жаууы мүмкін. Кей жерлерде найзағай ойнап, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Маңғыстау облысының солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады. жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Атырау облысында найзағай ойнайды. Күндіз жоғары өрт қаупі сақталады.