19.08.2020, 05:27
Жаңалықтар
Шымкентте шенеунік 500 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
Бұл қаражат қаланың топографиялық картасын жасауға бөлінген
Фото: ашық дереккөзден
Шымкент қаласы Архитектура және қала құрылысы басқармасының бұрынғы басшысы жарты миллиард теңге жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.
Бюджет қаражаты қаланың топографиялық картасын жасауға бөлінген. Дегенмен, жасалған карта пайдалануға жарамайды. Басқарма басшысы маусым айында ұсталған.
«Бұл карта мегаполис құрылысы барысында қолданылатындықтан, стратегиялық маңызға ие. Карта жасаудың орнына, шенеунік ақша жымқырған. Карта пайдалануға жарамайды», – дейді Агенттік өкілдері.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 09:00
Үй саламын деп елден 4 млрд теңге жинап алған, Ақтөбедегі жантүршігерлік жағдай: демалыс күндері ел назарын аударған оқиғалар
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды