$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.08.2020, 03:19
Жаңалықтар

19 тамыз күнгі ауа райы болжамы

Сәрсенбі күні солтүстік пен орталықта бұршақ жауады

19 тамыз күнгі ауа райы болжамы
Фото: ашық дереккөзден

19 тамыз күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыздығы сақталады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, тұман, дауыл, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Қарағанды облысында түнде жел күшейеді, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.

Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, түнде кей жерлерінде жел 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20,

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман күтіледі, күндіз жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.

Павлодар облысының күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.

Шығыс Қазақстан облысында жел 15-20 м/с күшейеді, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.

Ақтөбе облысында тұман күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде желдің екпіні 16 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Атырау, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының шығысында, Қарағанды облысының оңтүстіқ-батыста, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Серіктес жаңалықтары