Алты облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Бұл облыстарда найзағай ойнап, жаңбыр жауады
Қазақстанның алты облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhyтілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
19 тамызда Нұр-Сұлтанда найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман түседі. Дауыл соғып, бұршақ жауады. Желдің жылдамдығы түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, екпіні 23 м/с болады.
Қарағанды облысының кей жерлерінде 19 тамыз күні найзағай ойнап, дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал. Күндіз облыстың басым бөлігінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, екпіні 23 метр болады. Облыстың оңтүстік-батысында өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең кей жерлерге тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы күндіз секундына 15-20 метр, екпіні 23 метр болады.
Қызылорда облысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман түсіп, дауыл тұрады, бұршақ жаууы ықтимал.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде 19 тамыз күні тұман түседі.