Алматыда карантин ережесін бұзған мекемелерге 39 млн теңге айыппұл салынды
Осы уақытқа дейін 3423 адам әкімшілік жауапқа тартылды
Алматыда карантин режимін бұзған мекеме иелеріне 39 миллион теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Осы уақытқа дейін 3423 адам әкімшілік жауапқа тартылды. Оның 126-сы заңды тұлғалар. Тәжірибе көрсеткендей, карантинді кейбір азаматтар сақтамайды. Азаматтар той тойлайды, клубтарға барады, кальян тартады», - дейді Алматы қаласы Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов.
Оның айтуынша, рейд кезінде бірқатар заңсыз жұмыс істеген нысан анықталған. Оның ішінде 5 сауна, 7 түнгі клуб, 32 кафе, 17 мейрамхана, 12 массаж салоны және 7 караоке клуб анықталып, олардың иелеріне қатысты әкімшілік кодекс бойынша 236 айлық есептік көрсеткіш ретінде 39 млн теңге айыппұл салынды.