17.08.2020, 23:55
Жаңалықтар
ШҚО-да шомылу маусымы басталғалы 31 адам суға кетті
ТЖД тексерілмеген жерге суға түсу қауіпті екенін ескертеді
Фото: ашық дереккөзден
Шығыс Қазақстан облысында шомылу маусымы басталғалы 31 адам суға кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Статистика көрсеткендей, судағы қайғылы жағдайлар көбінесе адамның өз кінәсінен болып жатады. Негізгі себептерін атап айтсақ: рұқсат етілмеген жерге шомылу, спиртті ішімдік ішіп суға түсу және өз күшін дұрыс бағалай алмау», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
ТЖД тексерілмеген жерге суға түсу қауіпті екенін, шомылған кезде жағалаудан тым алысқа кетпеу керектігін, суық суға ұзақ түспей балаларды су жағасында қараусыз қалдырмау қажет екенін ескертеді.
Көп оқылған
28.10.2026, 16:15
Тоқаевтың Жолдаудағы сынынан кейін төрт сағат өте алғашқы топ-менеджер жұмысынан айырылды
28.10.2026, 12:26
«Бас-аяғы 77 мың адам»: Тоқаев Жолдауында кімдердің жалақысын 40 пайызға дейін көбейтіп берді
28.10.2026, 13:30
Бір уыс доллар мен айфон 18: әнші Алтынай Жорабаеваның туған күніне күйеуі не сыйлады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды