Нұр-Сұлтанда ашық аспан астындағы кинотеатр ұйымдастырылады

Іс-шара 6 күнге созылады

Нұр-Сұлтанда ашық аспан астындағы кинотеатр ұйымдастырылады
Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтанда ашық аспан астындағы кинотеатр ұйымдастырылады. Авто-кинотеатр аумағына келушілер барлық санитарлық нормаларды ұстануы тиіс, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Көпшіліктің сұрауы бойынша, 2020 жылдың 17 және 22 тамыз аралығында даладағы авто-кинотеатр форматында болатын Nur-Sultan Auto-cinema Festival іс-шарасы қайта жанданады. Аталған шара «Astana Arena» стадионының Қабанбай Батыр даңғылына қарайтын көлік тұрағында өтетін болады. Фестивальде қала тұрғындары мен қонақтары дала кинотеатрын тегін көре алады және шетелдік немесе отандық кино картиналарды тамашалай алады. Іс-шара ұйымдастырушылары ешқандай қатынассыз тіскебасарлар мен салқын шырындар жеткізуді қамтамасыз етеді», - деп жазылған ақпаратта.

Ұйымдастырушылар авто-кинотеатр аумағына келушілер барлық санитарлық нормаларды ұстануы тиіс екенін, медициналық маска тағып, әлеуметтік арақашықтықты ұстанғаны жөн екенін айтты. Іс-шара 6 күнге созылады және әр күн сайын 2 көрсетілімнен жүріп отырады. Бірінші көрсетілім сағат кешкі 20:30 басталса, екінші көрсетілім сағат 22:30 басталады.

17 тамыз төмендегі фильмдер ұсынылады:

1. Жена не стена - режиссері Асқар Бейсенбин

2. Рейд: пуля в голове -режиссері Тимо Тьяджанто, Кимо Стамбол

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.