Павлодар облысында жолдардың жағдайына жауап беретін 126 шенеунік жауапқа тартылды

Автор: Azattyq Rýhy

Олар 4 млн теңге айыппұл төлеуге міндеттелді

Фото: ашық дереккөзден

Павлодар облысында жолдардың жағдайына жауап беретін 126 лауазымды тұлға жауапқа тартылды. Олар 4 млн теңгеге жуық айыппұл төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Биылғы жылдың жеті айында облыста 299 жол-көлік оқиғасы болып, 20 адам, оның ішінде үш бала қаза тапқан. Сонымен қатар 425 адам жарақат алған. Жол апатын азайту мақсатында полиция үнемі жолдардың сапасына бақылау жүргізеді. Осындай тексеріс кезінде 827 ескерту жасалды», - деп жазылған ақпаратта.