17.08.2020, 00:28
Жаңалықтар
Павлодар облысында COVID-19 жұқтыру көрсеткіші 2,4 есеге азайған
Күнделікті коронавирус жұқтырушылар саны 84-тен 35-ке дейін азайды
Фото: ашық дереккөзден
Соңғы 4 аптада коронавирус жұқтыру көрсеткіші айтарлықтай азайған. Бұл туралы онлайн өткен баспасөз жиынында Павлодар облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Батырбек Әлиев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
«Соңғы 4 аптада өңірімізде ауру жұқтыру 26,8 пайыздан 7,2 пайызға дейін азайды. Күнделікті коронавирус індетін жұқтырушылар саны 84-тен 35-ке дейін азайып, 2,4 есеге кеміді», - деді Батырбек Әлиев.
Павлодар облысының COVID-19 жұқтырудың 3663 жағдайы тіркелген. Оның 68,9 пайызы Павлодар қаласына тиесілі.
Көп оқылған
08.11.2026, 06:26
"Жаңа вирус": Вьетнамға ТМД елдерінен барған туристер белгісіз ауруға шалдығып жатыр
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
08.11.2026, 21:44
Әкесі қызын ернінен сүйген: Өскеменде елді дүрліктірген видеоға қатысты тексеру басталды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды