Атырауда мектеп жөндеу кезінде 25 млн теңге қолды болған
Мектепті толық жөндеуге 279 млн теңге бөлінген

Атырауда № 5 мектепті жөндеу барысында 25 млн теңге қолды болған. Бұл туралы қатты желден кейін ғимарат қаптамасы түсіп қалғанда белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бақылау органының ақпараты бойынша, мектепке 2017 жылы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бұған 279 млн теңге бөлінген. Ал биыл наурыз айында қатты желден ғимараттың қаптамасы түсіп қалды. Тәуелсіз сарапшылардың айтуынша, бұған архитектуралық-құрылыс нормаларын сақтамау әсер еткен. Сонымен қатар мемлекетке 25 млн теңге шығын келтірілгені анықталды», - деп жазылған хабарламада.
Қалалық прокуратура материалдарды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жіберді. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.