Ақтоты Райымқұлова «Қазақфильмді» аралады

Автор: Azattyq Rýhy

Ол өртті сөндіруге қатысқандарға алғыс білдірді

Фото: instagram.com

«Қазақфильм» киностудиясында орын алған төтенше жағдайға байланысты ҚР Мәдениет және спорт министрінің қатысуымен кездесу өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Министрлік өкілдерімен кездесуге Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының президенті Ақан Сатаев, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, Алматы қаласының ІІД және ТЖД өкілдері қатысты», - делінген киностудияның instagram-парақшасында.


Кездесу барысында өрт шыққан орындарда тексеру жүргізіліп, жауапты мекемелер өкілдері өрттің пайда болуының себебі мен хронологиясы туралы баяндама жасады. ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова өртті сөндіруге қатысқан азаматтарға алғысын білдірді.

Еске сала кетсек, 14 тамызда түнде Алматыдағы Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ музейінде өрт шықты.