16 тамыз күнгі ауа райы болжамы

Автор: Azattyq Rýhy

Жексенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді

Фото: ашық дереккөзден

16 тамыз күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыста қатты жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін. Шығыста және оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл соқса, солтүстік пен шығыста тұман түседі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшіс Қазгидрометке сілтеме жасап.

Жамбыл облысында бұршақ жауады, желдің жылдамдығы 15-23 м/с жетеді.

Қостанай, Ақтөбе облыстарында найзағай ойнап, тұман түседі. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетуі мүмкін. Кей жерлерде бұршақ жауады.

Солтүстік Қазақстан облысында, Қарағанды облысында бұршақ жаууы мүмкін. Кей жерлерде тұман түседі. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан облысында жел күшейеді. Ал Ақмола, Түркістан облыстарында найзағай ойнап, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Қызылорда, Маңғыстау облыстарында жел күшейеді. Шаңды дауыл соғуы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысында тұман түседі. Ал Алматы облысында қатты ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Атырау және Қарағанды облыстарында өрт қаупі сақталады.