Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 21 миллионнан асты

Автор: Azattyq Rýhy

760 мыңнан астам адам көз жұмды

Фото: reuters.com

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 21 миллионнан асты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Джонс Хопкинс университетінің мәліметтеріне сілтеме жасап.

Университет мәліметінше, COVID-19 инфекциясынан 761 мыңға жуық адам көз жұмып, 13 миллионнан астам адам жазылып шыққан. 

Коронавирус жұқтырғандар саны бойынша алғашқы ондықта АҚШ (5,3 млн), Бразилия (3,2 млн), Үндістан (2,5 млн), Ресей (912 мың), Оңтүстік Африка (579 мың), Мексика (511 мың), Перу (498 мың), Колумбия (445 мың), Чили (382 мың), Испания (342 мың) тұр.