Автобустар сағат 07.00-ден 21.00-ге дейін қатынайды
Атырау қаласында 17 тамыздан бастап қалаішілік 13 әлеуметтік маңызы бар маршрут жолаушылар тасымалын қайта жаңғыртады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қалада сағат 07:00-ден 21:00-ге дейін 85 автобус қатынайды.
«Дүйсенбіден бастап тек қалаішілік бағдарлар жүреді. Жолаушылар саны тек салондағы орындықтар санына сәйкес болуға тиіс, бетперде, санитарлық және дезинфекция режимі сақталуы керек. Жол жүру ақысы картамен төленеді. Жолаушы саны мен отыру ережесін кондуктор бақылайды», - делінген хабарламада.
Айта кету керек, салон жолаушыларға толған жағдайда, автобус аялдамаларға тек жолаушыларды түсіру үшін ғана тоқтайды, артық адам алмайды. Егер, санитарлық режим толықтай сақталса 24 тамыздан бастап қала маңында қатынайтын автобустар да жүре бастайды