Новости спорта, футбол, КПЛ

Нұр-Сұлтанда нөсер кәріздеріне заңсыз жалғанған байламдар анықталды

Сонымен қатар кәріздерге өндірістік, тұрмыстық қалдық төгілгені белгілі болды

Нұр-Сұлтанда нөсер кәріздеріне заңсыз жалғанған байламдар анықталды
Фото: astana.gov.kz

Нұр-Сұлтан қаласында нөсер кәріздеріндегі заңсыз жалғанған байламдар мен оларға өндірістік, тұрмыстық қалдықтарды төгуді анықтау жалғасып жатыр. Заңсыз байламдар Оңтүстік Шығыс, Агроқалашық, Көктал тұрғын алабы, Артем базарының аумағынан және басқа да жеке секторлардан анықталды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Рейд барысында 40 заң бұзушылық дерек анықталды. «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығы мен көше бойындағы нөсер кәрізі желісіне кәрізді төгудің 2 жағдайы тіркелді. Хусейн бен Талал көшесінде бірнеше рет бұзушылық деректері тіркелді. Нәтижесінде заң бұзушылар әкімшілік жауапқа тартылып, жалпы сомасы 220 мың теңгеден астам айыппұл салынды», - деп жазылған ақпаратта.

Айта кету керек, қала көшелерін су басудың алдын алу үшін нөсер кәріздері мен тазарту қондырғыларының 3 үлкен құрылысы жүріп жатыр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.