Оған медициналық көмек қажет болмаған
Көкшетауда құтқарушылар пәтер ішінде жалғыз қалып, есікті аша алмай қалған балаға жедел көмек көрсетті. Оқиға орнына жедел-құтқару жасағының мамандары шақыртылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, пәтер ішінде 2017 жылы туған бала қалып қойған. Құтқарушылар арнайы слесарлық құралдардың көмегімен құлыптанып қалған есікті жедел ашып, пәтерге кірген. Мамандардың дер кезінде жетуінің арқасында бала аман-есен табылды. Оған медициналық көмек қажет болмаған.
Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне мұқият болуға шақырды.