Астанада көшенің қақ ортасында жеңіл көлік өртеніп кетті

Автор: Дәулет Ботагөз

Оқиға А. Байтұрсынов көшесінің бойында тіркелген

Фото: скриншот

Елорданың Сарайшық ауданында автокөліктен өрт шықты. Оқиға А. Байтұрсынов көшесінің бойында тіркелген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері жедел жеткен. Құтқарушылар келген сәтте көліктің қозғалтқыш бөлігі мен салоны ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды.

Мамандардың жедел әрекетінің арқасында өрт толық сөндірілді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр.