Небәрі он күннің ішінде 59 дерек анықталған
Он күннің ішінде Қазақстаннан декларацияланбаған 508 миллион теңгеден астам қаражатты жасырын әкетпек болған азаматтар әшкереленді. ҰҚК Шекара қызметі осындай 59 дерек анықтаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Атап айтқанда, 18 қарашада Ақтөбе облысындағы шекарадан өткізу пунктінде қазақстандық азаматтың багажынан 4 441 500 рубль, яғни шамамен 23 миллион теңге табылды.
Оқи отырыңыз: Батыс Қазақстанда 150-ге жуық жылқы ұрлаған төрт жігіт қамалды: олар 12 жылға дейін сотталуы мүмкін
Сондай-ақ 23 қарашада «Қордай» өткізу пунктінде шетелдік азаматтың 200 мың АҚШ долларын декларациясыз алып өтпек болғаны анықталды.
«Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, ел аумағынан 10 мың АҚШ долларынан асатын қолма-қол ақшаны алып шығуға тыйым салынады», – деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
Айта кетейік, ҚМА Алматы облысы бойынша департаменті Қырғызстанның студенттері мен қаржылық қиындыққа тап болған жастарды пайдаланып, дропперлер желісін ұйымдастырған күдіктілерді ұстады. Олар делдалдардың есепшоты арқылы 3,6 млрд теңгеден астам қаражат өткізген.
Біздің Instagram және TikTok желісіндегі парақшаларымызға жазылыңыздар.