Астаналық полицейлер үш күн бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді
20–22 қараша аралығында өтетін ауқымды шара барысында елордалық полиция қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқарады
Елордада қоғамдық қауіпсіздікті нығайту және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. 2026 жылдың 20–22 қараша аралығында өтетін ауқымды шара барысында елордалық полиция қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Үш күнге жоспарланған профилактикалық жұмыстар аясында полиция қызметкерлері қала көшелері мен қоғамдық орындарда заңдылықтың сақталуын қатаң бақылауға алады.
Бұл кезеңде көшелер мен халық көп жиналатын орындарда полиция жасақтарының саны арттырылады. Тәртіп сақшылары азаматтардың тыныштығын бұзатын әрекеттерге ерекше назар аударады.
Сонымен қатар, тіркелген қылмыстарды ізін суытпай ашу, іздеуде жүрген күдіктілерді анықтау және ұстау бойынша кешенді шаралар жүргізіледі. Қоғамдық орындарда ұсақ бұзақылық жасап, заң талаптарын елемейтін тұлғаларды анықтап, жауапкершілікке тартуға да басымдық беріледі.
Полиция департаменті қала тұрғындары мен қонақтарын заң талаптарын қатаң сақтауға және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге ортақ үлес қосуға шақырды.
