Бүгін, 13:44
Жаңалықтар
Алматы – Өскемен тасжолында жүк көлігі отқа оранды
Өрттің шығу себебі мен келтірілген материалдық шығын көлемі анықталуда
Фото: скриншот
Жетісу облысы аумағындағы республикалық маңызы бар Алматы – Өскемен автожолында жүк көлігі отқа оранды. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарап, қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Полицияның мәліметінше, төтенше жағдай бүгін, 21 қараша күні аталған трассаның 302-шақырымында болған. Алдын ала деректерге сәйкес, қозғалыс кезінде DAF маркалы жүк көлігінің алдыңғы бөлігінен өрт шыққан.
Оқиға кезінде көлік салонында жүргізушіден басқа ешкім болмаған. Зардап шеккендер жоқ.
Қазіргі уақытта оқиға орнында шұғыл қызмет мамандары жұмыс істеп жатыр. Өрттің шығу себебі мен келтірілген материалдық шығын көлемі анықталуда.
Көп оқылған
20.11.2026, 11:28
«Арасында доллар да бар»: Атырауда ойнап жүрген бір топ бала көшеден өте көп ақша тауып алған
20.11.2026, 13:08
Телефонын тартып алып, үш жыл бойы қорлаған: келінін өлімге жеткізген ене бес жылға сотталды
20.11.2026, 15:41
Бес айлық сәбиді өлтірген қылмыскер әлі табылмады: полиция расымен видеоны өшіруді талап еткен бе
20.11.2026, 16:46
Астанадағы атышулы самса цехы жабылды: журналистерге шабуыл жасаған әйелдің былығы әшкере болды
