Астанада тұман түсіп, Шымкентте жаңбыр жауады - синоптиктер болжамы
Астанада күндіз +7, Алматыда +15 градусқа дейін жылынады. Ал Шымкентте алдағы үш күнде жаңбыр жауып, жел күшейеді
Алдағы үш күнде Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы әртүрлі болады. Елордада түнгі температура нөлден төмен болғанымен, күндіз біртіндеп жылынады. Алматыда жауын-шашынсыз ауа райы сақталса, Шымкентте жаңбыр жауып, жел күшейеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада күндіз 7 градусқа дейін жылынады
19 қарашада елордада күн құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Жел оңтүстік бағыттан секундына 3–8 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде -4…-6, күндіз +1…+3 градус болады.
20 қарашада да жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан секундына 3–8 метр жылдамдықпен соғады. Түнде ауа температурасы -2…-4, күндіз +3…+5 градусқа дейін көтеріледі.
21 қарашада күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Жел оңтүстік-шығыстан секундына 5–10 метр жылдамдықпен соғады. Түнде -1…-3, күндіз +5…+7 градус жылы болады.
Алматыда жауын-шашынсыз күндер күтіледі
19 қарашада Алматыда күн құбылмалы бұлтты болады. Жауын-шашын жаумайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан секундына 3–8 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде +2…+4, күндіз +12…+14 градус болады.
20–21 қарашада да жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Жел оңтүстік-шығыстан секундына 3–8 метр жылдамдықпен соғады. Түнде ауа температурасы +5…+7, күндіз +13…+15 градусқа дейін көтеріледі.
Шымкентте үш күн бойы жаңбыр жауады
19 қарашада Шымкентте күн құбылмалы бұлтты болып, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, секундына 8–13 метр жылдамдықпен соғады. Күндіз жел екпіні 15–20 метрге дейін жетеді. Түнде ауа температурасы +6…+8, күндіз +18…+20 градус болады.
20 қарашада түнде және таңертең жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-шығыстан секундына 8–13 метр жылдамдықпен соғып, түнде және таңертең екпіні 15–20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +10…+12, күндіз +18…+20 градус болады.
21 қарашада күн құбылмалы бұлтты болып, мезгіл-мезгіл жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-шығыстан секундына 8–13 метр жылдамдықпен соғып, кей уақытта екпіні 15–20 метрге дейін күшейеді. Түнде ауа температурасы +11…+13, күндіз +18…+20 градус болады.
