Пластик қалдықтардың әр келісін ақшаға айырбастауға болады
Сала мамандары осындай жолмен қоршаған ортадағы зиянды заттар үлесін азайтуға мүдделі
Қазір мұндай бастама еліміздің бірқатар қаласында қолға алынып жатыр, деп хабарлайды 24.kz
Ал, Алматы қаласында ол іске асып та үлгерді. Яғни, пластик қалдықтардың әр келісі үшін 15 пен 40 теңге аралығында ақы төленеді. Сала мамандары осы арқылы қоршаған ортадағы зиянды заттар үлесін азайтуға мүдделі. Өйткені еліміздегі қоқыс полигондарында 500 мың тоннаға жуық пластик жиналған және күн өткен сайын көлемі артып жатыр. Осының алдын алу мақсатында экологияға жауапты мамандар бірқатар кешенді шараны қолға алмақ. Бүгін олар елордада бас қосып, мәселені шешуге қатысты өз ұсыныстарын алға тартты.
«Еліміздегі ірі қалаларда пластик қалдықтарды қабылдайтын орындар ашылып жатыр. Осы арқылы адамдарды қоршаған ортаға бейжай қарамауға ынталандырғымыз келеді. Бастама пластик қалдықтарды өңдейтін кәсіпорындарға да тиімді. Өйткені оларға шикізат қолжетімді бола түседі», - дейді «Тұрақты дамуға жәрдемдесу» орталығының менеджері Юлия Душкина.