Тәртіп сақшыларының мәліметінше, оқиға 14 қараша күні сағат 20:00 шамасында болған
Жезқазған қаласында тыныштықты бұзып, пиротехникалық бұйымдарды заңсыз қолданған ойын-сауық мекемесінің әкімшісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тәртіп сақшыларының мәліметінше, оқиға 14 қараша күні сағат 20:00 шамасында болған.
Учаскелік полиция инспекторы әкімшілік аумақты аралау кезінде балаларға арналған ойын-сауық мекемесінің алдында пиротехникалық бұйымдардың, яғни отшашудың қолданылғанын байқаған.
Тексеру барысында отшашуды аталған мекеменің әкімшісі өзі қолданғаны анықталды. Құқық бұзушыға қатысты тиісті шаралар қабылданды.
Ұлытау облысының Полиция департаменті азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға және өзгелердің тыныштығын құрметтеуге шақырды.