Жаңа аптаның басында еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы күрт өзгереді
«Қазгидромет» РМК мамандары 2026 жылғы 16 қарашаға арналған республикалық ауа райы болжамын жариялады. Жаңа аптаның басында еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы күрт өзгереді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Дүйсенбі, 16 қараша күні еліміздің батысында, солтүстігінде, солтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады деп болжанып отыр. Түнде республиканың солтүстік-батысында кей уақытта негізінен жаңбыр түрінде мол жауын-шашын түсуі мүмкін.
Сондай-ақ ел аумағында тұман түсіп, жел күшейеді. Ал батыс, солтүстік және солтүстік-батыс өңірлерде жолдар көктайғақ болады деп күтіледі. Бұдан бөлек, Қызылорда, Алматы және Жетісу облыстарының кей аумақтарында жоғары өрт қаупі сақталады.
Еліміздің қалған аумақтарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Төтенше жағдайлар қызметі мен жол полициясы жүргізушілерді сақтық шараларын сақтауға шақырады.