Жазғы дөңгелекпен жүрген көліктердің барлық түріне шектеу енгізілді
14 қараша, сенбі күні сағат 19:00-де ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола облысындағы бірқатар тасжолда жазғы дөңгелекпен жабдықталған көліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «ҚазАвтоЖолға» сілтеме жасап.
Шектеу республикалық маңызы бар мына автожол учаскелеріне қатысты енгізілді:
Жол қозғалысын 15 қараша күні сағат 10:00-де қайта ашу жоспарланып отыр.
Еске салайық, синоптиктердің болжамынша, 14–16 қараша аралығында Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, күн райы күрт өзгеретіні ескертілді.