Оқиға кезінде автобустың ішінде шамамен 15 жолаушы болған
Теміртау қаласында жолаушылар тасымалдайтын автобус жолдан шығып, ағашқа соғылды. Қайғылы оқиға жүргізушінің денсаулығы кенеттен нашарлауына байланысты болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy HALYQSTAN-ға сілтеме жасап.
Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға қоғамдық көлік бағыт бойынша қозғалып келе жатқан кезде болған. 64 жастағы жүргізушінің кенеттен жағдайы нашарлап, есінен танып қалған. Соның салдарынан автобус басқарудан шығып, тротуарға көтеріліп, ағашқа соғылған.
Оқиға кезінде автобустың ішінде шамамен 15 жолаушы болған. Олар жүргізушіге дереу көмек көрсетуге тырысқанымен, оқиға орнына жеткен дәрігерлер оның қайтыс болғанын растады. Жолаушылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.