15 қарашада республиканың басым бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады
«Қазгидромет» РМК мамандары 2026 жылғы 15 қарашаға арналған республикалық ауа райы болжамын жариялады. Жексенбі күні еліміздің бірқатар бөлігінде ауа райы күрт бұзылып, жауын-шашын түседі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, 15 қарашада республиканың басым бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Тек елдің оңтүстік өңірлерінде жауын-шашынсыз қолайлы ауа райы сақталады. Сонымен қатар республика аумағында тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді деп болжанып отыр.
Бұдан бөлек, Қызылорда облысының оңтүстік-батысы мен солтүстігінде, Алматы облысының солтүстігі мен шығысында, сондай-ақ Жетісу облысының оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Осыған байланысты тәртіп сақшылары мен төтенше жағдайлар қызметі жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.