Жалын шарпыған аумақтың көлемі 23 шаршы метрді құрады
Семей қаласындағы Қарағайлы шағынауданында орналасқан салынып жатқан ғимарат аумағында төтенше жағдай тіркелді. Мұндағы екі металл контейнерден кенеттен от шығып, жалын аумақты шарпыды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Төтенше жағдайлар министрлігі күштерінің жедел әрекетінің арқасында өрт қысқа уақыт ішінде ауыздықталып, толықтай сөндірілді. Жалын шарпыған аумақтың көлемі 23 шаршы метрді құрады. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.
Мамандар аумақты жанғыш материалдармен үйіп тастамауды және ашық от көздерін қараусыз қалдырмауды ескертті.