Кеңес отырысына қатысу үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кеше Мәскеуге арнайы барды
Үлкен Кремль сарайында ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Aqordа-ға сілтеме жасап.
Кеңес отырысына қатысу үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кеше Мәскеуге арнайы барды.
Бүгінде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) 6 мемлекет мүше. Олар Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Армения.
Армения 2024 жылы ұйымға қатысуын тоқтата тұратынын мәлімдегенімен, ҰҚШҰ-ның ресми сайтында әлі де мүше мемлекет ретінде көрсетілген.
Алайда бүгінгі кеңес отырысына Армения қатыспады.
ҰҚШҰ дегеніміз не?
Бұл – 2002 жылы құрылған әскери-саяси ұйым. Негізгі мақсаты – мүше мемлекеттердің тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын бірлесіп қорғау, өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
ҰҚШҰ отырысында әскери-саяси ахуал, жаһандық және өңірлік қауіпсіздік мәселелері, ұйымның маңызды бағыттары талқыланады.
Айта кетейік, 10 қараша күні келесі жылы ұйымға Тәжікстан төрағалық ететіні белгілі болды.