Алдағы бес күнде мегаполистердегі ауа райы қандай болады
Алматы, Астана және Шымкент қалаларында алдағы күндері ауа райы күрт өзгереді
Алматы, Астана және Шымкент қалаларында алдағы бес күнде ауа райы күрт өзгереді. Аномальды жылы күндердің орнын жаңбыр мен қар басып, кейбір өңірлерде түнде ауа температурасы -4°C-қа дейін төмендейді. Әсіресе Алматы қаласында ауа температурасы +22°C-тан +3...+5°C-қа дейін күрт төмендейді деп күтілуде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Елордада 9 қарашадан бастап ауа райы біртіндеп суытып, қыс мезгілінің алғашқы белгілері байқалады. Жексенбі күні жаңбыр жауса, дүйсенбіде қар жауып, түнде ауа температурасы -1…-3°C-қа дейін төмендейді. 11–12 қарашада қар аралас жауын-шашын түсіп, кей жерлерде бұрқасын мен көктайғақ болады. Түнгі температура -2…-4°C шамасында сақталады. Ал 13 қарашада жауын-шашын тоқтап, күн ашылады. Күндіз ауа температурасы +1…+3°C болады.
Алматыда 9–10 қараша күндері ауа температурасы +20…+22°C-қа дейін көтеріліп, жылы ауа райы сақталады. Алайда 11 қарашада нөсер жаңбыр жауып, 12 қарашада күн күрт суытады. Бұл күні ауа температурасы +3…+5°C шамасында болады. 13 қарашаға қараған түні -1…-3°C аяз күтіледі.
Шымкентте де 9–10 қарашада жаңбыр жауады. 11 қарашада ауа температурасы +4…+6°C-қа дейін төмендейді. 12 қарашаға қараған түні -1…-3°C аяз болса, күндіз +5…+7°C жылы болады.